$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қайырымдылыққа 177 млрд теңге қаржы жұмсаған", - Б.Жәмішев

15.01.2024ж. 20:00
725
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қайырымдылыққа 177 млрд теңге қаржы жұмсаған", - Б.Жәмішев

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры күні бүгінге дейін 67 қайырымдылық бағдарлама мен жобаларға қолдау көрсеткен. Оған жалпы сомасы 177 млрд теңге қаржы жұмсады. Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет және спорт салаларына басымдық береді. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді.

Болат ЖӘМІШЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта қорға 196,6 млрд теңге түсті. Оның ішінде 2 жыл ішінде Қор жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінгі таңда шығындар 90,9 млрд теңгені құрады, бірақ біз бекіткен және іске асырумен айналысатын жобалардың барлығы 177 млрд теңгені құрады.