Мал ұрлығымен айналысқан 19 бен 21 жас аралығындағы 6 жігіт ұсталды. Олар ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөлісіп отырған. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен ұсақ мал тәркілеген. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күні бүгінге дейін мал ұрлығына қатысты 75 қылмыстық топ құрықталған. Олар 8 мыңнан астам мал ұрлаған. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтармен күресу үшін өңірлердегі мал базарлары мен мал сою орындарына тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып отыр.