$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тұтынушылар 10 кәсіпкерге қатысты шағым түсірді

Тұтынушылар 10 кәсіпкерге қатысты шағым түсірді

"Мобильді аударым арқылы төлем қабылдамады". Осылай деп тұтынушылар 10 кәсіпкердің үстінен Сауда және интеграция министрлігіне шағым түсірді. Оларға қандай шараға қолданатынын Динара Жақсыбайқызы анықтап көрді.

Жыл басталғалы осындай оқиға көбейді. Бірі қолма-қол ақша талап етсе, енді бірі тек картамен төлем қабылдауға көшкен.

БЛИЦ-САУАЛНАМА

- Дұрыс емес әрине. Потому что мысалы менде екі ай ақша жоқ. Наличка ұстамаймын. А требуеть.
- Кішкене ауырлау болып тұр адамдарға мысалға. Дайын ақша жоқ ұстап жүрген.

Сатып алушы төлем әдісін өзі таңдайды. Бұл заңда да айқын көрсетілген. Ал заңға қарсы келген сатушыға қатысты шара көрілетін болады. Мәселен, жыл басталғалы тиісті министрлікке 10 кәсіпкерге қатысты шағым түскен.

МЕРУЕРТ АСҚАРҚЫЗЫ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Барлық келіп түскен өтініштер құзыреті бойынша ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне, ҚР Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексінің 65-бабы 1 тармағына сәйкес жан-жақты қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Кәсіпкерлердің де өз уәжі бар. Олар табыстың көбі салыққа кетіп жатыр дейді. Сатушылар бөлшек салықты немесе банктің мобильді аударымдардан ұстайтын пайызын азайтса деп өтініш білдіреді.

Сауран ГАТИХОВ, ҚАЗАҚ ФАСФУД ФРАНШИЗАСЫНЫҢ ПАРТНЕРІ:

Банктардың пос-терминалдарын қабылдаймыз. Ол жерде біз одан бөлек, айналымымыздан 3 процент, 3пайыз налог төленеді. Және де әр банктің өзінің алатын бізден пайызы бар. Біз бұл жерде екі рет налог төлегендей боламыз да.

Қазір сатушылар мобильді аударымдар арқылы төлемнің кез келген түрін қабылдауда. Мұны біз өзіміз тексеріп көрдік. Кейбірі қолма-қол ақша сұрағанымен, кейін нөмірлерін айта жөнелді. Себебі төлем қабылдамаған сатушылар айыппұл арқалайтынын біледі. Ал шағым түскен дүкеннің иесі немесе сатушы алдымен ескерту алады, екінші рет қайталанса, 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 150 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.