Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылордада облыс әкімі табыстаған үйдің тұрғындары құрылыстың сапасыз екенін айтып шағымданды

Қызылордада облыс әкімі табыстаған үйдің тұрғындары құрылыстың сапасыз екенін айтып шағымданды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары бір ай бұрын алған баспаналарының сапасына көңілдері толмай отыр. Айтуларынша, үйдің кілтін Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі өзі табыстаған. Алайда, бірнеше жыл күткен қуанышымыз ұзаққа созылмады дейд

Бұл кадрлар желтоқсан айында түсірілген. Облыс әкімі салтанатты шараға арнайы барып, үйдің кілтін табыстаған болатын. Бірақ тұрғындардың алғашқысы мұнда қаңтарда көшіп келіпті. «Себебі неге екені белгісіз, кілтті жинап алды» деп отыр халық. Ал енді көшіп келгендерімен, үйдің қордаланған мәселесі шаш етектен дейді.

Нұрсәуле АҚМЕТҚАЛИЕВА, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерде септик жоқ. Ауыз су кеп тұрған жоқ. Мына жерде ыдыс жуатын да су жоқ. Терезенің барлығы терлейді. Пол жылы емес. 75-80ге дейін қоямыз газды. Газ мүлде жылымайды.

Тұрғындардың айтуынша, 50 үй әлеуметтік осал топтың өкілдеріне берілген. Бірақ әлі күнге толық қоныстанбады деп отыр олар. Себебі төбесі мен қабырға жабындыларының тым жұқа болуының кесірінен үйлер жылымайды екен. Қарыз алып, кемшіліктерін өздері түзеуде.

Майра ЕСЕТОВА, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Көгеріп жатыр. Есігіміз шіріп жатыр. Су жоқ. Туалеттен аламыз. Өз ақшама барлығын істетіп алдым. Батерея жылудың сапасы жоқ болғаны соншалықты батарейкаллары кішкентай. Мен де жетісіп отырған жоқпын. жалғызбасты анамын. Күйеуім қайтыс болған 5 балам бар. Кредитке былай кіріп кеттім, кредитім аздай.

Дауға айналған баспаналарды сатып алуға былтыр Ұлттық қордан 480 млн теңге бөлінген. Жергілікті әкімдіктегілер құрылыс арнайы техникалық талаптарға сай салынғанын айтып отыр. Дегенмен, кеткен кемшіліктерді қалпына келтіреміз деп сендірді.

Әліби БАЙНАХАТОВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғын үй шартын жасау барысында. 2 жыл бойы кепілдеме, яғни гарантиясы бар. Кеткен кем-кетіктерді сатушы, яғни бізге тұрғын үй сатқан азаматтар қалпына келтіріп береді. Сапасыз дегенге келіспейміз. себебі құрылысты жүргізу барысында, яғни сатып алу барысында бізден арнайы мамандар барып қарап, тексеріп, арнайы комиссия арқылы алынған.

Аудан атқамінерлері заңға сәйкес тұрғындар баспанасынан бастарта алатынын айтты. Ал кезек реттілігі сақталады дейді