Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шахтаға құлаған автобустың артында келе жатқан екінші көлік болған

15.01.2024ж. 20:00
656
Шахтаға құлаған автобустың артында келе жатқан екінші көлік болған

«Майқайың алтын» шахтасында болған апаттың видеосы пайда болды. Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада жердің қалай опырылғаны анық көрінеді. Видеода алдымен жер опырылып, артынша жүріп келе жатқан автобустың шұңқырға құлағаны байқалады. Ал автобустың артынан келе жатқан екінші көлік тоқтап үлгеріпті. Екінші көлікте кімнің болғаны әзірге белгісіз. Белгілі автобус ішінде қалған екі құтқарушылар әлі табылмады. Содан бері 11 күн өтті.