$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Әкесі намаз оқып, шешесі орамал тақты": Ерке мен Raim отбасындағы жаңалығын бөлісті

AstanaTV
15.01.2024ж. 19:01
680
"Әкесі намаз оқып, шешесі орамал тақты": Ерке мен Raim отбасындағы жаңалығын бөлісті

Жұлдызды жұп жақында дүние есігін ашқан ұлын бесікке салды. Екі жақтың туыстары жиналып, бұл сәтті отбасылық мереке ретінде атап өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші баласы қырқынан шыққаннан кейін шетелге демалатынын айтқан еді.

“Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, “тыштымасын” жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!”, – деп жазды өнер иесі.
“Исламның әке-анасы өте жақсы. Райым намаз оқып, Ерке орамалын тақты. Жүрегі ақ, көңілдері пәк болып, Аллаға да, халыққа да жақты!”, – деп жазды Еркенің ағасы.

Енді бірі әнші баласын бесікке жатқызғанына риза болып жатыр: “Маған енем өзінің төрт баласы жатқан бесігін арнайы берді. Аллаға шүкір, мен де төрт қызымды бесікке жатқызып, өсіріп отырмын.1986 жылы алынған бесік қой, өте жеңіл”.

“Бөпелерге арналған неше түрлі қоларба шығып жатқанда бесікті таңдағаныңызға риза болдым”, – дейді әншінің тыңдармандары.

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.