Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада қызылша бойынша жағдай ушығып жатыр: елорданың бас дәрігері мәлімдеме жасады

AstanaTV
15.01.2024ж. 21:49
658
Астанада қызылша бойынша жағдай ушығып жатыр: елорданың бас дәрігері мәлімдеме жасады

Елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Оның басты себебі - вакцинацияның аздығы. Осыған байланысты Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қызылша жұқтыру бойынша елордадағы ахуалды баяндады. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, бүгінде елордада қызылша ауруы өршіп тұр. Оған вакцинацияның аздығы себеп болуда. Бұл әсіресе балалар арасында жиі кездесетін проблема. Осы орайда Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу жасады.

Тұрғындардың басым бөлігінің қызылшаға қарсы иммунитеті болмауының көптеген себебі бар. Санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл вирустың айналымы мен эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болып отыр.

"Ревакцинация жүргізіп, балаларға уақытылы екпе алуы керек. Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл түрде екпе алуға болады. Осылайша, екпе алмаған адамдарды инфекциядан уақытылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 2 528 адам вакцина алды. Сондықтан жалғыз тиімді қорғаныс – вакцинация екенін тағы бір рет атап өтемін. Баласының уақытылы екпе алуын ең алдымен, ата-аналары ойлауы керек" , - деді Сархат Бейсенова.