Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы визасыз режим күшіне енді

AstanaTV
15.01.2024ж. 23:00
555
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы визасыз режим күшіне енді

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг кезінде Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында визасыз режимі енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Смадияровтың айтуынша, келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екi мемлекет аумағында болу мерзiмi әр жарты жыл сайын 30 күннен аспауы қажет. Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам болу қажет болса, олар тиісті санаттағы Сейшел визасын алдын ала ресімдеу керек.

Еске сала кетсек, екі ел арасындағы визасыз режим туралы келісімге 2023 жылғы қыркүйектің соңында қол қойылды.

Британ энциклопедиясына сәйкес, Сейшел аралдары - Үнді мұхитының батысындағы 115-ке жуық аралдан тұратын аралдық республика. Сейшел аралдарының негізгі аралдары Кениядан шығысқа қарай шамамен 1600 шақырым және Мадагаскардан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1100 шақырым жерде орналасқан. Елордасы Виктория Махе аралында орналасқан.