Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ер адам әйелін жігіттермен таныстырып, оларды тонап жүрген

AstanaTV
16.01.2024ж. 08:01
769
Ер адам әйелін жігіттермен таныстырып, оларды тонап жүрген

Әйелін жігіттермен таныстырып, оларды тонап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Екі алаяқ алдын ала ақылдасып, жас жігіттерді тонап жүрген. А. есімді әйел күйеуінің нұсқауымен әлеуметтік желідегі жас жігіттерді алдап, арбаған. Олармен танысып, жасырын кездесуге көндіретін болған. Олар кездесіп отырғанда, әйелдің жолдасы "қызғаншақ" адам ретінде келіп, ұрып-соғып, ақша бопсалаған.

Жас жігіт 9 қаңтар күні осындай алдаудың құрбаны болады. Алаяқ отбасы жігіттің Nexia көлігін тартып алып, қосымша ақша бопсалаған. Жігіт полицияға арыз жазып, жағдайды баяндаған.

Полиция әйелді және оның күйеуін қылмыс үстінде ұстады. Олардың алдын істі болғаны анықталды.