Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылорда облысында екі басқарма басшысы жауапқа тартылды

AstanaTV
16.01.2024ж. 11:53
721
Қызылорда облысында екі басқарма басшысы жауапқа тартылды

Олар «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзған.

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзған. Облыс прокуратурасы олардың әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

Мамандар мал жаюға арналған жайылымдардың жетпеуіне талдау жасап, мал санының статистикасын қалыптастыру кезінде заң бұзушылықтар болғанын анықтады.

Осы дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыныс енгізді. Алайда басқарма басшысы қадағалау актісіне көрсетілген уақытта жауап бермеген. Сол себепті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл салынды.

Сондай-ақ Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайлы қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.

Осы әрекеті үшін басқарма басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 665-бабы 2-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды, ол 172 мың теңге айыппұл төлейді.