Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Наруто пышағы, жөргектегі есірткі". Ұшаққа алып кірмек болған ТОП-10 таңғаларлық заттың тізімі шықты

AstanaTV
16.01.2024ж. 16:00
568
"Наруто пышағы, жөргектегі есірткі". Ұшаққа алып кірмек болған ТОП-10 таңғаларлық заттың тізімі шықты

Көлік қауіпсіздігі басқармасы (TSA) 2023 жылы адамдар ұшаққа алып кіруге тырысқан ең таңғаларлық 10 заттың рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, ведомство өткен жылы 858 миллионнан аса адамды тексерістен өткізген. Тексеру барысында олардың багаждарынан "ерекше" заттар табылған. TSA тексерісінен өтпей қалған дүниелердің арасында таңғаларлық, әрі қауіпті заттар бар.

Бостондағы Логан әуежайындағы багаждардың бірінен табылған Наруто аниме пышақтары тізімде 10-орынға орналасты.

9-орынға Миннеаполис-Сент-Пол әуежайынан табылған зымыран репликалары тұрақтады.

"Қалай болғанда да, №8 - жаман идея болды", - деп атап өтті агенттік "наннан" табылған пышақ туралы. TSA мәліметінше, бұл ерекше жағдай Сиэтл Такома әуежайында болған.

Багаждардан табылған заттардың тізімін краб пісіруге арналған дәмдеуіштің ішінен табылған метамфетамин пакеті жалғастырады. Бұдан бөлек тексеру барысында 35 миллиметрлік снаряд, аяқ протезінің ішіне жасырылған пышақ та анықталған. Сондай-ақ әуежай қызметкерлері Жаңа Орлеанда оқталған қаруды, ал Сакраментода қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға арналған CO2 картриджін тәркілеген екен. Нью-Йорк әуе айлағында жолаушылар жөргек ішіне есірткі жасырып өтпек болған. Ал Талстағы ұшаққа мінбек болған адамның энергетикалық сусынынан жұмыс істемейтін жарылғыш зат табылған.

Айта кетейік, Көлік министрлігі елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын бірқатар заттың тізімін бекітті. Ұшақ ішіне алып кіретін қол сөмкеге ерін далабы, тіс пастасы сынды заттарды салуға тыйым салынды. Бұдан бөлек сусындар мен кез келген сұйық тағамдарды тасымалдау үшін багаж алу міндеттелмек.