Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ми-8 әскери тікұшағы құлады

AstanaTV
17.01.2024ж. 14:24
679
Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Қырғызстанның Kabar агенттігі.

 «Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те «Фрунзе-1» әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждың жағдайы әлі белгісіз», - делінген хабарламада. Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар. «Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады», - деп атап өтті ведомстводан.