Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Америкалықтар 2-3 баладан асырап алған": 6 айында шетелге кеткен қазақ қызының тағдыры

AstanaTV
17.01.2024ж. 16:36
953
"Америкалықтар 2-3 баладан асырап алған": 6 айында шетелге кеткен қазақ қызының тағдыры

Жанар Байсемізованың Шетелдегі қазақ балалары бағдарламасында АҚШ азаматтары асырап алған баланың өмірі туралы көрсетті. Бұл туралы bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Юта штатында тұратын ерлі-зайыпты 50 жастан асқанда, Қазақстаннан 2 қыз асырап алған. Ерлі-хайыптылардың бұл екінші некесі. Бірінші некелерінен екеуінің де балалары бар. Ер адам бес бала, әйел 3 бала өсірген. Екеуінің ортақ перзенттері бар. Сөйте тұра Қазақстаннан 2 қыз асырап алған.

Олар баланы Қарағандыдағы “Малютка” балалар үйінен асырап алған. Бастапқыда Америкадан 3 отбасы болып келген. Әр отбасы 2-3 баладан асырап алған. Олар беларусь және қазақ ұлтынан 2 қыз асырап алған.

Джулия мен Николь 6 айлық және 1,5 жасында шет ел асқан. Асырап алушы ата-анасы олардың бір-біріне серік болғанын қалаған. Елден алты айлығында кеткен Бисембаева Наргиздың есімі Николь деп өзгертілген. Ол қазір 22 жаста.

Ол жүзуден Юта штаты бойынша ең мықтылардың бірі болған. Африкадан босқындар келгенде, 180 балаға жүзуді үйреткен. Ол скрипка тартады, бимен шұғылданған. Дизайнға қызығады, суретті жақсы салады.

Ол қазір соңғы курста оқиды. IT саласында сарапшы. Ақпараттық технологиялар университетінде жұмыс істиді. Америкалық футбол командасының жаттықтырушысы. Құзға өрмелеу спортымен айналысады.