$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Тұла бойым тұңғышыммен қоштастым": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттан" кетті

AstanaTV
17.01.2024ж. 18:00
19868
"Тұла бойым тұңғышыммен қоштастым": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттан" кетті

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тележүргізушісі бағдарламаны 13 жыл бойы жүргізіп, түрлі мәселелерді көтерді. Бағдарламадан кетуге себебі сепарация екенін айтты.

Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқанымды жеткіземін. Мен сепарация туралы жиі айтамын. Бұл балаларымызға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойым тұңғышыма айналған "Астарлы ақиқат" өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы - біз екеуіміз жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығынан демедік,тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық. Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады",- дейді Дина Төлепберген.