$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбенің Шалқар ауданында мектеп пайдалануға берілді

17.01.2024ж. 20:00
756
Ақтөбенің Шалқар ауданында мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Құрылысы алты жылға созылған нысан Шалқар ауданындағы ғасырлық тарихы бар 5 мектеп –лицейінің жанынан бой котерген. Сол арқылы білім ордасында үш ауысыммен оқу мәселесі түбегейлі шешілді. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған. Бірақ мердігер мекеме міндеттерін тиісінше орындамаған соң, сот арқылы келісім шартты бұзуға тура келген. Бұл нысанды ақыры басқа мердігер мекеме салып бітірді. Жобаның жалпы құны -1 млрд 340 мың теңге. Мұнда 1 мыңға жуық бала білім алатын болады. Мектепте 35 кабинет спорт залы және кең асхана мен акт залы бар.

Әлия ӘБДІҒАППАРОВА, №5 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір енді біз үш ауысымдық мектеп болып, бала сыйымдылығы асып кеткен бұл мәселелерден барлығы енді түбегейлі жойылады. Біз енді екі ауысымды бес күндік режимге көшетін боламыз. Сапалы білім саналы тәрбие алуға жақсы жағдай жасалады.

Тұрсын АЛДАМЖАРОВА, АТА-АНА:

Жаңа мектепке қолымыз жетіп қуанып жатырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Үш этажды аралап шықтым. Керемет кластары, кең екен. Балаларға бәрінен бұрын спорт залы ұнады. Керемет болып тұр енді қуаныштамын.