$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Электромобильді көлікті автотұраққа ақысыз қояды", - депутат

17.01.2024ж. 20:00
618
"Электромобильді көлікті автотұраққа ақысыз қояды", - депутат

Елімізде электромобильді көлік саны 10 есеге көбейді. "Жасыл" технологияның экологияға зияны аз. Бірақ энергия тапшылығын тудыру қаупі бар. Онсызда көршіге тәуелдіміз. Қуаттау көздері де көп емес. Мәжіліс электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға қатысты заң жобасын мақұлдады. Қандай жеңілдіктер жасалды? Бекболат Сатуов айтады.

Бекболат САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Іштен жану қозғалтқышы бар мынадай көліктерді енді дамыған елдерден көрмейміз. Ұлыбритания, Канада, Түркия секілді 33 ел 2040 жылдан бастап бас тартады. Яғни, экологиялық таза көлікке көшпек.

Екі жыл бұрын әлемде электромобильді көліктің саны бар-жоғы 3 млн-нан асып жығылса, қазір 17 млн-нан асады. Сұраныс біздің елде де артқан. Өткен жылдың басында елге 812 электромобиль кіргізілген болса, қазір 8 мыңнан асып жығылады. Яғни, инфрақұрылымды дамыту қажеттігі туындауда.

Самат МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электр зарядь станцияларын орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын әуежайларда, вокзалдарда, сауда және мәдени ойын-сауық нысандарда, мәдени демалыс парктерімен алаңдарда, даңғылдармен көшелерде электр станцияларымен жабдықтап ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Депутат Мархабат Жайымбетов электр тапшылығын туындатпай ма деп алаңдаушылық білдірді. Себебі онсызда станциялардың тозығы жетіп, желілер жел тұрса үзіліп жатыр.

Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жаңағы айтылғандай 8600 дей электромобильдер бар Қазақстанда. Оның орташа тұтынуы өткен жылға байланысты 20 млн кват сағатты ғана құрады да, өйткені ол қазір экономдық электробомильдер болғандықтан. Сондықтан жалпы біз 112 млрд өндіріп отырып 10 есе өскеннің өзінде де бізге ол 200-300 кват сағаты жеткілікті болады.

Электромобильді тұраққа ақсыз қою заңда қарастырылған. Арнайы белгі орнатылады. Егер оған басқа көлік қойылса, жүргізушісіне айыппұл салынады. Осылайша экологиялық таза көліктерге қолдау көрсетілмек. Айтпақшы, электрлі көліктердің жану қаупіде жоғары. Депутаттар бұл мәселені де көтерді. Төтеншеліктердің мәліметінше осы күнге дейін электромобилдердің өртенуі бойынша 2 факт тіркелген.