$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

17.01.2024ж. 20:00
1024
Алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты

Алаяқтық жолмен 20 миллион теңге алған. Қостанайлық 19 жастағы Бақытгүл Дүйсекинаға қатысты сот үкім шығарды. Ол өткен жылдың шілде айында ұсталған еді. Сотталушы "Telegram" арнадағы хабарландыру бойынша жұмысқа тұрған көрінеді. Сөйтіп белгісіз адамдар оған қай мекен жайға барып, қанша теңге алатынын нұсқап отырған. Бойжеткен қаржының 10 процентін өзіне қалдырған. Осылайша адамдардан 20 миллион теңгеден астам теңге алған. Ең көп қаржы берген Социалистік Еңбек Ері Алевтина Кузьмина. Ол 12 миллион теңгеден астам ақшаны алаяқтың қолына ұстатқан. Бақытгүл Дүйсекина соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтып, шығынды толық өтейтінін жеткізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Нұрлан БЕКІШЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ № 2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Дүйсекина Бақытгүл Қайратқызын 190-шы баптың бірінші тармағы, төртінші және үшінші бөлімі бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Жазасы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтелсін.