Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөліміне түсті

AstanaTV
17.01.2024ж. 22:40
2045
Ақтөбеде қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбеде қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөліміне түскен. Олардың үлкені 2 жастан асқан болса, кішісі әлі алты айға да толмаған. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы ауыр. Бірақ, жүргізілген кешенді емдеу шараларының арқасында беттері бері қарай бастаған. Олардың ешқайсысы бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған. Жалпы осы уақытқа дейін облыста 30 мың 450 балаға екпе салынды. Қазір өңірдегі емдеу мекемелерінде 145 науқас жатыр.

Бақытжан Түлкібаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бізге қарасты 13 аудан бар, 13 ауданнан 101 кереует ашқан болатынбыз. Бүгінгі 17 қаңтарға стационарда ем алып жатқандар 145. Ақтөбеде 133, ал аудандарда 12. Соның ішінде балалар 129, ересектер.