$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Бала күтіміне реформа жасалады

AstanaTV
18.01.2024ж. 00:22
2290
Бала күтіміне реформа жасалады

Франция билігі бала туу көрсеткішін көтере алмай бас қатыруда.Бұл туралы 24.kz.хабарлайды. 

Елдегі туу көрсеткіші екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төменгі деңгейге жеткен. Мәселен, 2023 жылы 678 000 сәби дүние есігін ашқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға аз.

Президент Макрон бала күтімі демалысын қысқа, бірақ ыңғайлы мерзімге ауыстыру маңызды екенін айтты. Сондықтан енді жаңадан ата-ана атанғандар алты айлық демалысқа шыға алады. Жәрдемақы төленетіндіктен анасымен қоса әкесі де декреттік демалыс алып, нәрестеге бар уақытын арнай алады.

Айта кетерлігі, Еуропа елдерінде Германия, Италия, Испанияда бұл мәселе өткір тұр. Ресми Париж демографиялық ахуалды көрші елдердегідей ушықтырып алмас үшін осылай алдын алмақ.