Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Танымал актер құмар ойынға қалай тәуелді болғанын айтты

AstanaTV
18.01.2024ж. 02:30
3973
Танымал актер құмар ойынға қалай тәуелді болғанын айтты

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар құмар ойынға тәуелді болған кезін еске алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның өміріндегі құлдырау үш жыл бұрын басталыпты.

Бәрі спорттық ойынға бәс тігуден басталды. Жарты жыл бойы ұтып жүрдім. Керек шығыныма, жолыма төлейтін ақшамды таптым. Бірақ бірте-бірте «қадала» бастадым. Еңбекпен тапқан ақшамды тауысып, несиеге кірдім. Банк несие бермейтін болғасын, ақырындап микрокредиттік ұйымдарға бас сұқтым. Кім береді, солардың бәрінен қарыз алдым. Әлі есімде, соңғы рет микрокредиттік ұйымнан 60 мың теңге несие алдым. Сол ақшаны 20 мың теңгеден үш рет бәске салып, ұтылып қалдым, - дейді актер.

Анасының туған күніне сыйлыққа ақша таппаған актер ойлана бастайды.

«Бір сорлы бала болдым ғой. Бір тиын ақша жоқ. Қандай адаммын мен? Әке-шешеме ел қатарлы сыйлық бере алмадым, інілеріме дені дұрыс аға да болып жарытпадым» деп өзімді қатты жек көрдім. Содан өзімді қолға алам деп шештім. Спортты қолға аламын, залға жазыламын деп ойладым, - деді Еркебұлан Тоқтар.

Ол осыдан кейін есін жиып, спортзалына жазылып, өзін қолға алады. Қандай құлдырау болса да, тығырықтан шығатын жолыдың барын айтады.