Ипотекалық несиелердің
үстемақысы 30 пайызға дейін азаяды. Баспаналар атына заты сай болып, шын
мәнінде, қол жетімді бола түседі. "Нұрлы жер" елдің баспанаға деген
мұқтаждығын түгел жояды. Ұлттық
экономика министрлігі өкілдері осылай деп сендірді. Мәжілістегі "Нұр
Отан" фракциясының кеңейтілген отырысында жаңа бағдарлама жан-жақты
талқыланды. Ел елеңдей күткен "Нұрлы жердің" нендей жаңашылдығы бар?
Алдағы бейнематериалда.
Бағдарлама президенттің
тапсырмасынан соң, арада 3,5 ай өткенде дайын болды. Үкімет оны өткен жұмада
бекітіп үлгерді. 5 бағыты бар - ипотекалық заимдарды субсидиялау арқылы
несиенің пайызын төмендетуден бастап, жеке тұрғын үй салушыларды қолдауға дейін
қамтылған. Бірақ мәжілісмендер бұл бағдарлама "елдің бәрін жарылқап
тастайды" дегенге күмәнмен қарайды.
Бақытгүл Хаменова, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Дәрігерлер мен мұғалімдерге мемлекеттік бағдарлама негізінде үйлер берілген, алайда 1
жылға жептпей қабырағасы түсіп қалды. Әкімдіктерлің мойнына барлық тірлікті іле
салғанда, осындай сапасыздық мына бағдарламадан да көрініс таппай ма? Ел
нәпақасы далаға кетпей ме?
Сонымен, "Нұрлы жер"
бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 млн пәтер салу жоспарланып, 1 трлн 800 млрд
теңге қаржы қаралады. Оның 1 трлн 200 млрд теңгесі инфрақұрылым тартуға
жұмсалмақ. Қазақстанда 1 млн 300 мыңдай
адам жер кезегінде тұр. Оның 115 мыңы Астана қаласында.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ
құрылыс,ТҮКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:
Астананың бас жоспары бойынша
беретін жер жоқ қазір, ал 60 км аумақта 12 елді мекен бар Қосшы, Қоянды,
Ақмол, т.б. бас жоспары жасалды, сол
жерлерге жеке тұрғын үй салуға болады.
Келер жылдан бастап 10 сотық
жерге үй құрылысын салу ұсынылады. Оның әр шаршы метрі 120 мың теңге. Бір үйдің
шаршы метрі 100-ден 200-ге дейін барады. Ол үшін жол төсеп, жарық пен жылу
тартуға қыруар қаржы қаралмақ. Жоспар бойынша келер жылы жеке үйлер құрылысына
арналған 100 мыңдай учаскеге инженерлік инфрақұрылым тартылады. Осылайша жыл
сайын жер кезегінде тұрған 40 мың адам баспаналы болмақ.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ
құрылыс,ТҮКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:
Мүгедектерге, жетімдерге
арендалық үйлер беріледі, жекешелендірілмейді, ал қалған категориялардың
барлығы ТҚЖБ арқылы біздің есебіміз
бойынша алғашқы 5 жылда 70 мың, одан кейін 44-46 мың 60 ш.м. пәтерге.
Мамандар елге түсінікті болу
үшін есеп те әзірлеп келген. Астана мен Алматы тұрғындары несие 20 миллионға
дейін беріледі. Ал аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Сонда басты
қалада тұратындар ай сайын 158 мың төлесе, өзге өңірдегілер 15 жыл бойы 116 мың
теңгеге несие ала алады екен. Бұл қазіргі ипотекалық несиемен салыстырғанда 30
пайызға арзан, дейді министрліктегілер.