Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Оралда 13 жасар қызды оқушылар топ болып зорлаған: Кәмелетке толмағандардың соты басталды

AstanaTV
18.01.2024ж. 19:17
1059
Оралда 13 жасар қызды оқушылар топ болып зорлаған: Кәмелетке толмағандардың соты басталды

Оралда 13 жасар қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген мектеп оқушыларының соты басталды. Айыпталушы орындығында бес адам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болған. 16 және 15 жастағы кәмелетке толмаған төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол ересек адам. Қылмыс орын алған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, қызды пәтерге алдап кіргізген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен. Қазіргі уақытта ол қарастырылуда, процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты жабық режимде өтеді.

Айыпталушы орындығында барлығы бес адам отыр, оның төртеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанды зорлау" бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.