Қарағандыда “Жастар рухы” Жастар қанатының белсенділері қала көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерді шайға шақырды. Ыстық бауырсақ пен тәттілерді демеушілер ұсынған. Жастар аязда далада күн- түн демей жұмыс істейтін коммуналшыларға осылайша алғыс білдіру арқылы қоғамды қайырымдылыққа шақырғысы келетінін айтады. Ал суық күнде ұсынылған бір кесе шәй қар тазалаушылардың көңілін көтерді. Өйткені қала тіршілігінде бұл азаматтардың жұмысы көп ескеріле бермейді. Дәстүрлі “ Кел, шәй ішейік” акциясы еліміздің аязды өңірлерінің барлығында өтіп жатыр.
Жібек:
“Рақмет өте қуаныштымыз, конечно каждый рабочий қуанады. Жұмыстарымыз өте ауыр, адам баласы түсінбейді. Ойнап жүрген жоқпыз. Жұмыс тамаша, далада жүресің тоңбайсың жұмыс істесең фитнес клуб сияқты бір жағынан свежий воздух и жұмыс”.
Қарақат ОСПАНОВА, “ AMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:
“Осы коммуналдық қызметкерлерге кішігірім болсын ыстық шәй мен екі бауырсақ, тағы да тәттілер қосып осындай кішігім бокстар жасап қуанту, жылыту деген шамалы демалыс ретінде біз өзіміздің сый- құрметімізді білдірдік. Осы бірнеше күнде бұнымен шектелмей басқа да қызметкерлерді қуантамыз деп ойлаймын. ”.