Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Арыста наубайханадағы жарылыстан бір адам қаза тауып, тағы біреуі зардап шекті

AstanaTV
18.01.2024ж. 21:14
775
Арыста наубайханадағы жарылыстан бір адам қаза тауып, тағы біреуі зардап шекті

Арыс қаласындағы наубайханада газ баллоны жарылып, екі қызметкер күйік шалып ауруханаға түсті,-деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт салдарынан бір шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкеннің 200 ш.м шатыры жанды.

Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 1 дана 50 литр газ/пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1988 жылы туған екі азаматтың да денесін күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар наубайханадан 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр пропан газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

Бекмырза Өсербек, Арыс қаласындағы №7 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры: «Өрт басына жеткен сәттегі жағдай – наубайханадағы 50 литрлік газ баллоны жарылу салдарынан жанында жапсарлас орналасқан ғимараттардың шатыры жанған. Ғимараттың жалпы көлемі 285 шаршы метр, соның шінде жанғаны – 200 шаршы метр. Өртке көмекке 3 өрт сөндіру көлігі шақыртылды. Өрт 14:51 толығымен сөндірілді».

Айта кетейік, жарақат алғандардың екеуі де Өзбекстан азаматы болған. 17 қаңтарда болған оқиғадан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатса, әйел адам алған жарақатынан бүгін көз жұмды.

«Газ баллоны жарылған кезде зардап шеккен Өзбекстанның екі азаматы ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезінде екеуінің де жағдайы ауыр болды, олар қатты күйік алған. Бүгін сағат 13:00-де 1984 жылы туған әйел қайтыс болды. Оның денесінің 92% күйік шалған еді», – деді Арыс аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушіс Талғат Тәжиметов.