Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркияның алғашқы астронавты ғарышқа ұшты

AstanaTV
19.01.2024ж. 11:29
615
Түркияның алғашқы астронавты ғарышқа ұшты

Осыдан бірнеше сағат бұрын Түркияның бірінші астронавты ғарышқа ұшты.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Түрік әуе күштерінің пилоты 44 жастағы Алпер Гезеравжы үш еуропалық әріптесімен бірге АҚШ-тың Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш оталығынан көкке самғады.

Бұл экипаж Жерден 400 шақырым биіктіктегі Халықаралық ғарыш станциясына сенбі күні таңертең жетуі керек.

Оларды орбиталық бекетке әйгілі миллиардер Илон Масктың «Спэйс Икс» компаниясының «Крью Дрэгон» кемесі жеткізеді.

Бұл экипаж станцияда 14 күн болып, 30 шақты ғылыми тәжірибе өткізуі керек.