Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Маңғыстаулықтар «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіптерін дөңгелетіп отыр

19.01.2024ж. 20:00
429
Маңғыстаулықтар «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіптерін дөңгелетіп отыр

Маңғыстау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Партиялықтар халықтың бұл жобаға қызығушылығы артқанын айтады. Түпқараған ауданының тұрғыны Қайрат Өтепов осы мүмкіндікті пайдаланып, өз ісін ұлғайтты. Ол 5 жыл автокөліктерді жөндеумен айналысқан. Оның орталығы ауылда техникалық қызмет көрсететін жалғыз мекеме. Дегенмен, қымбат құрал-жабдық алуға кәсіпкердің ақшасы жетпеген. Сондықтан былтыр жазда Қайрат «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алған.

Қайрат ӨТЕПОВ, КӘСІПКЕР:

Осындай подъемник, автосканер диагностика, май ауыстыратын, аппарат, антифриз, системаохлаждающий жидкость дейді ғой, сондай система ауыстыратын аппарат, станок, подъемник, соларды алғанмын. Қоластымда 3 адамым бар. Біреуі моторист, екіншісі ходовщик және слесарым бар.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы өткен жылы бағдарламаны түсіндіру бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын жеткізді. Партия мүшелері кәсіпкерлерді барлық кезеңде қолдаған. 8 миллион теңгеге дейін несие ала алады. 

Қайрат ТАҢҒҰЛ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тапсырған ұсынысы бойынша 11 адам алып, оның ішінде қазіргі таңда мына келіп отырған халыққа көмектесетін орталығы. Көліктерін оңдап, сонымен қатар тағы да Ақшұқыр ауылынан тағы алған тігін цехын ашатын адамдарымыз болды.