Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 %-ке төмендетті

19.01.2024ж. 20:00
296
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 %-ке төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға төмендетті. Бұл дегеніміз екінші деңгейлі банктер беретін несиелер мен депозиттердің өстемақылары азаяды деген сөз. Айналымда ақша көбейіп, инвестиция артуы мүмкін. Бірақ бұл құбылыс теңгенің құнына да әсер етуі мүмкін. Олай болған жағдайда азық-түлік пен қызмет бағасы көтеріліп, акциялар мен аблигацияларға деген сұраныс азаюы ықтимал. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жағдай толықтай бақылауда болатынын айтты.

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

Ақша кредит шарттары ұстамды, қатаң болып қалуда. Бұл инфляцияның орнықты түрде төмендеуін қамтамасыз етіп, орта мерзімді келешекте инфляцияны 5 процентке жуық тұрақтандыру үшін қажет.