Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Ағама жын кіріп, оны өлтіргісі келді": танымал блогер басынан өткен оқиғасын айтты

AstanaTV
19.01.2024ж. 15:38
829
"Ағама жын кіріп, оны өлтіргісі келді": танымал блогер басынан өткен оқиғасын айтты

Жека есімімен танымал блогер «Дәстүр» подкастында ағасының тағдырын айтты. Бұл туралы Bugin.kz бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен одан қорқатынмын әрі жақсы көретінмін. Ұрсатын үлкен ағаларымыз болады ғой. Түнде оянсаң, үстіңнен қарап тұрады. “Қазір өлтіріп тастай ма” деп денем тырысып қорқатынмын. Бәріміз бірге ұйықтайтын едік. Анамды оятатынмын. Анам оянып, айқайлап атын атайтын. Ол артқа қарай қашып кететін. Түнде ұйықтап жатсаң, оятып, “Маған кету керек” деп айтатын. “Маған ақша берші” деп кетіп қалып 3 күн жоқ болып кететін. Үш күннен кейін қайта келетін. Сыртынан қарасаң, біреумен әңгіме айтып отырады. Бөлмеде бір өзі. Қорқынышты еді. Өз-өзіне зақым келтіреді. Күші көп боп кетеді. Көріпкелдігі пайда болды. Қазір анау келеді диді, шынында сол адам кеп тұрады. “Мынау итті өлтіріп тастау керек” деп қоймады. Бір жылдан соң ол ит әкемізді тістеп алды. Сондай заты көп еді”,-деді.

Жеканың анасы дәрігер болғандықтан, медицинаға жүгінген. Ағасын психиятриялық емханаға жатқызған. Өлер алдында да солай емдетуге тырысқан. Блогер ағасының қазасы туралы:

“Мен әліге дейін қараңғыдан қорқамын. Лифт тоқтап қалса, талып қаламын. Қорқыныш бар. Біреу сыртымнан қарап тұратын сияқты болады. Жанымда адам болса, ол сезім болмайды. Басында намаз оқығанда, тіпті басымды көтеруге қорқатынмын.
Ағам 3 күн жоқ боп кетіп, 12 қабаттық ғимараттың жанынан табылған. Сырт келбетінің бәрі зақымданған. Секірген адамның белгілеріне ұқсайды. Бірақ тірі қалды. Содан бастап басқа адамға ұқсап қалды. Түрі өзгерді. Қолы сынып қисайып қалды. Араға 1 жыл салып қайтыс болды. Адамдар бұл тақырыпта жеңіл айтады. Бәрақ бұл – ауыр тақырып. Ағама жын кіріп, оны ылғи өлтіргісі келді. Ағам 13 жасымда қайтыс болды”,-деді.

Ол көп нәрсе жазған. Мен бірінші қатарын оқып, хатты өртеп жібердім. Онда:

“Ол маған түнде келіп тұншықтырғысы келді”, деп жазған.