Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Илья Ильин спортшылар арасында өтіп жатқан қайырымдылық эстафетасын жалғастырмақ

AstanaTV
26.12.2016ж. 20:00
3415
Илья Ильин спортшылар арасында өтіп жатқан қайырымдылық эстафетасын жалғастырмақ

Белгілі спортшы Илья Ильин спортшылар арасында өтіп жатқан эстафетаны жалғастырмақ. Спорттық емес, қайырымдылық эстафетасы. Ол спортшылар Серік Сәпиев пен Василий Левит сынды астаналық балалар үйінің тәрбиеленушісіне білім депозитін ашып беруі керек.

Илья тіпті қайырымдылық жасамақ болған 13 жасар Владимир Мигуновпен тіл табысып та үлгерген. Ол мұнан кейін де "ата - ана қамқорлығынсыз қалған баламен қарым-қатынаста болам" деп уәде беріп отыр. 2 дүркін олимпиада чемпионы атағынан айырылған спортшы өміріндегі өзгерістер жайлы да айтып берді.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан әлем чемпионы:

Менде бәрі де жақсы. Өмірімді басқа бағытқа ауыстыруды көздеп жүрмін. Оңай емес, әрине, бірақ ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Менің спорттық шеберлігімде дәл осындай қиындықтарды да көтере білуге берілсе керек. Менде бәрі жақсы. Енді осындай іс-шараларға қатысып, қайырымдылық жасағым келеді.