Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

“Үміт үзбеймін”: Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп жүр

AstanaTV
19.01.2024ж. 18:42
1879
“Үміт үзбеймін”: Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасын іздеп жүр

Америкалықтар асырап алған Сардар туған ата-анасын іздеп жүр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Туу туралы куәлігінде ата-анасының есімі жазылған. Бірақ оған жарық дүниені сыйлаған әйел табылмай жатыр. Сардар:

“Туған анамның есімі Баймаханова Эльмира Қалмахамбетқызы. Әкем – Бекнұр Баймахан. Америкалық ата-анамның айтуынша, туған анам мені перзентханада босана салысымен қалдырып кеткен екен. Шынымды айтсам, қалай болғанын толық білмеймін. Туған анамды табамын деп ойлаймын. Бұл – менің өмірімдегі ең керемет, ұмытылмас оқиға болар еді деп үміттенемін. Дегенмен бұлай болмауы да мүмкін екенін білемін. Бірақ үмітімді үзбеймін. Іздей беремін.
 Мен оны жек көрмеймін. Мүмкін ол сол кезде қатты қиналған шығар. Басына түскен ауыртпалықты көтере алмаған болар. Оны айыптамаймын. Жазғырмаймын. Мен тек қана оны көргім келеді. Мама, егер осы бағдарламаны көріп отырсаң, сені іздеп жүргенімді білші. Күндердің күнінде бір өзіңмен кездесемін деп үміттенемін. Сенімен жақынырақ танысқым келеді. Өмір бойы өзімді мазалаған сұрақтардың жауабын алғым келеді”,-дейді.