Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Ауылынан қаладағы жұмысына шыққан". Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті

AstanaTV
20.01.2024ж. 01:10
1811
"Ауылынан қаладағы жұмысына шыққан". Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті

Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita әлеуметтік ұйымының мәліметінше, Диана Сағынтаева 8 қаңтар күні Ертіс ауданы Қызылжар ауылынан қалаға жұмысына бара жатқан еді, бірақ жұмыс орнына жетпеген.

Содан бері қыздың телефоны өшірулі. Оның қайда кеткені және оған не болғаны белгісіз.

Жақындары еріктілер ұйымына жазбас бұрын ақпаратты әлеуметтік желілерде таратқан. Сол кезде Диананы соңғы рет көрген куәгер табылды.

"Әйел қалаға таксимен сағат шамамен 21:00-де кіріп, Ак.Сәтбаев – Торайғыров көшелерінің қиылысында түсіп қалған. Әрі қарай қайда кеткенін білмеймін", - деді жас жігіт.

Диананың кәмелетке толмаған екі баласы және күйеуі бар. 

"Бүгін біздің жасақ қызды іздеуге шығып, ол туралы кейбір ақпаратты пысықтады. Әзірге нәтиже жоқ. Іздеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады еріктілер.