Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

АҚШ-та суық ауа райынан 47 адам қайтыс болды

AstanaTV
20.01.2024ж. 09:50
569
АҚШ-та суық ауа райынан 47 адам қайтыс болды

Кейінгі аптада АҚШ-та күннің суытуы салдарынан кем дегенде 47 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC арнасының шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, ең көп өлім Теннесси штатында тіркелген: 16 адам.

Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері суық ауа температурасы, қатты жел және қар болды.

17 қаңтарда АҚШ-тың орталық бөлігінде ауа температурасы -34,4-ке дейін төмендеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарға Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланған.