Шетелдіктер асырап алған қыз жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жанар Байсемізованың "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қарағандылық қыз АҚШ-қа жеті жасында келген. 1993 жылғы. Лаураның есімін Америкалық ата-анасы Линдзи деп өзгерткен.
"Балалар үйінде әркез топ жарып алдында жүретінмін. Үнемі ыңғайсыз жағдайларға ұрынатынмын. Балалар үйінде қарным қатты ашатын. Бұл жерге келген кезде тамақ өте көп болды. Тамақты төсектің астына тығып жүрдім. Ертең бұл тамақтар болмай қалатындай көрінді. Асырап алған ата-анам "үйде тамақ көп" десе де, әдет боп қалды",- деді Лаура.
Олар Қазақстаннан үшеу болып келген. Көп балалы отбасыға қосылады. Алайда, уақыт өткеннен кейін асырап алған ата-ана Линдзиді өздеріне алып қалып, екі қызды басқа адамдарға беріп жіберген.
Лаура Мұқышова өзінің өмірінің қатал болғанын айтады.
"Менімен ешкім араласпады. Сол кезде "неге өмір сүремін?" деп ойлаушы едім. Өз-өзіме қол салғым келді. Өйткені мені ешкім іздемеді. Бірақ әкем мені қолдап шықты. Сол кезде өмірде бір адамның болсын маған сенетінін түсіндім. Бауырларым менімен екі жыл араласпады. Психотерапевтке де бардым. Басымнан өткен қиындықтарға қарамастан, барлық келген тосын сыйға "иә" деу керек екенін түсіндім", - дейді қазақ қызы.
Сонымен қатар қыздың асырап алған анасы оны қызметке жеккенін айтады.
"Маған махаббат жетіспеді. Анам мені көп жұмсайтын. Көп ұрысатын. Өзімді қауқарсыз сезіндім". -дейді Лаура.