$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Криштиану Роналду Марадона атындағы сыйлыққа ие болды

AstanaTV
20.01.2024ж. 23:26
2531
Криштиану Роналду Марадона атындағы сыйлыққа ие болды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Дубайда өткен Globe Soccer Awards салтанатты марапттау кешінде бірден үш наградаға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Португалиялық футболшы Таяу Шығыстың үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар 2023 жылдың үздік сұрмергені ретінде Диего Марадона атындағы сыйлыққа ие болды. Одан бөлек, жанкүйерлердің дауыс беруімен де жылдың үздігі атанды.

2023 жылы Криштиану Ронадду барлық турнирді қосқанда 24 гол соққан. Ол Холланд, Кейн, Мбаппе сияқты жұлдыздарды басып озды.