$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Келер жылдан бастап малдың анықтамасы QR-кодпен ғана беріледі

AstanaTV
21.01.2024ж. 10:00
1959
Келер жылдан бастап малдың анықтамасы QR-кодпен ғана беріледі

2025 жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында малдың анықтамасы QR-кодпен ғана беріледі. Бұл туралы Астана телеарнасы Қазақстан Телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшқыр жоба әзірге еліміздің үш өңірінде; Павлодар, Алматы және Жетісу облыстарында енгізілген. Ерекшелігі сол, базардан ет алған кезде сойылған малдың ұрғашы немесе еркек, тіпті, жасы, қай шаруашылықта бордақыланып, қай қасапханада сойылғанына дейін білесіз. Ол үшін ұялы телефондағы қосымша арқылы етке басылған QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Барлық ақпарат шыға келеді.

Бұл жаңашылдықтың ең басты тиімділігі еліміздегі төрт түліктің нақты саны есепке алынады. Мал ұрлығы тиылады. Ауру мал сатылымға шығарылмайды. Осы талаптарды орындау экспортқа жол ашады.