Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Көмек керек": Желіде күйеуі әйел мен балаларын қорқытқан видео тарады

AstanaTV
21.01.2024ж. 13:18
1564
"Көмек керек": Желіде күйеуі әйел мен балаларын қорқытқан видео тарады

Желіде күйеуі әйел мен балаларын қорқытқан видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеода жас келіншекке бұрынғы күйеуі қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын көруге болады. Терезесін сындыруға оқталып жатқанын анық байқауға болады. Одан бөлек келіншекті бұрынғы күйеуі аңдиды екен. Әйел желі арқылы барлығынан көмек сұрап отыр. Күйеуімен 2018 жылы ажырасса да, ол артынан қалмайтын көрінеді. Қала ауыстырса да, сол жерге барып, әйелге тыныштық бермейді екен.

"Ашумен мені өлтіруге оқталып жүр. Әкімшілік қамақ әсер етпейді. Қанша рет қамалды. Сынбаған жерім жоқ. Сот сараптамасы өзгеріп кетеді. Не үшін өзгертілетіні белгісіз. Түргеушілер ұзақ қамау үшін "аяқ-қолыңыз сыну керек" дейді. Қатты таяқ жесем өліп қаламын ғой",- дейді келіншек.

Ол отандық бағдарламалардың бәрінен өзіне көмек көрсетуін сұрап отыр.