$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Өскеменде Ресей Бас консулдығының уақытша тобының басшысы Роман Скрыльников қайтыс болды

AstanaTV
27.12.2016ж. 20:00
1324
Өскеменде Ресей Бас консулдығының уақытша тобының басшысы Роман Скрыльников қайтыс болды

Өскеменде Ресей Бас консулдығының уақытша тобының басшысы Роман Скрыльников қайтыс болды. 35 жастағы ер адамның денесі жуырда жалға алған пәтерінен табылды. Алдын ала  болжам бойынша, дипломат инфаркт алған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мәйіттен зорлық белгілерін таппаған.

Өскемендегі Ресей Федерациясының Бас консулы Сергей Анненков біздің телеарна тілшісіне консулдықтың барша қызметкері үшін Романның өлімі үлкен соққы болғанын айтты. Жас жігіт спортпен айналысып, денсаулығына шағымданбаған. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. РФ-ның Қазақстандағы Елшілігі баспасөз қызметкерінің міндетін атқарушы Илья Лябухтың мәліметінше, «Роман Скрыльниковтың денесін еліне жеткізу жұмыстары қолға алынған». 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах