Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Авангардтағы" өлімнің құпиясы ашылды

AstanaTV
22.01.2024ж. 01:11
1301
"Авангардтағы" өлімнің құпиясы ашылды

Атыраудағы "Авангард" мөлтекауданында жайсыз оқиға орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Желіде тұрғын үй алдындағы орындықта қимыл-қозғалыссыз отырған ер азаматтың бейнежазбасы тарады.

"Қаладағы мөлтекаудандардың бірінде 1983 және 1994 жылы туған екі ер адам өзара сөзге келіп, төбелескен. Екіншісі алған дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда" делінген Атырау қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Ал, тұрғындар нақты не бөлісе алмаған, оны тергеу ісі анықтамақ.