Келер
жылдан бастап көтерілетін зейнетақы мен бала туғанда берілетін біржолғы
жәрдемақыға бюджеттен қосымша 81,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәлімет таратты. 2017 жылы зейнетақы 20
пайызға, ал балаға берілетін біржолғы жәрдемақы 27 пайызға көтеріледі.
Бірақ
бірден емес. Қаңтардан бастап зейнетақы 9 пайызға, ал шілдеден бастап 11
пайызға артады. Мысалы, биыл зейнетақы көлемі 40 мың теңге болса, қаңтарда 43
600 теңгеге, ал шілдеде 48 396 теңгеге көбейді. Елде зейнеткер жасындағы 2
миллион 100 мың адам бар. Осылайша 20 пайызға қымбаттаған соң, зейнетақының ең
төменгі көлемі 37 781 теңгеден 45 711 теңге аралығында, ал орташа зейнетақы 55
154-тен 66 721 теңге аралығында болады. Ал бала туғанда берілетін біржолғы
жәрдемақы қаңтарда 7 пайызға көтеріледі. Бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621
теңге төленіп келсе, қаңтарда ол 71 270 теңгені құрайды. Ал шілдеде 20 пайызға
көтеріліп, 86 222 теңге болады. Ал төртінші және одан да көп баланы дүниеге
әкелгендер биыл 111 135 алады. Бұл жәрдемақы қаңтардан бастап 118 мың теңге,
шілдеден бастап 143 мың теңгеге өседі. Ол үшін бюджеттен 1 миллиард 800 миллион
теңге бөлінген.