Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жеміс шырындары 14%-ға қымбаттады

AstanaTV
22.01.2024ж. 11:19
1079
Жеміс шырындары 14%-ға қымбаттады

Елімізде жеміс-көкөніс шырындарының бағасы бір жылда 14%-ға өсті. Ал жеміс-көкөніс шырындарын өндіру 10 жылда 2,5 есеге қысқарған, деп жазды EnergyProm.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 68,9 млн литр жеміс-көкөніс шырындары өндірілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.

Бір жыл бұл саладағы өнім көлемі 7,6%-ға өскен болатын. Бұл ретте, ұзақ мерзімді динамика бойынша (10 жылдан астам) елімізде жеміс-көкөніс шырындарын өндіру 2,5 есеге қысқарғанын атап өткен жөн.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 65,2 миллион литр тек жеміс шырындарынан алынды, оның өндірісі бір жыл ішінде 3,3 пайызға төмендеді. Жеміс шырындарының ішіндегі ең үлкен өндіріс көлемі апельсин шырыны болды - 26 млн литр. Тағы 13,9 млн литр алма шырынынан, 2,5 млн литр ананас шырынынан, 16,3 млн литр аралас жеміс шырындарынан және 6,5 млн литр басқа жеміс шырындарынан түскен.

Көкөніс шырындары 3,5 млн литр, бұл 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,9%-ға аз. Мұнда өндіріс көлемі тек қана қызанақ шырынынан алынды.

2023 жылдың желтоқсан айының соңында жеміс-көкөніс шырындары бір айда 1,1%-ға және бір жыл ішінде 13,7%-ға қымбаттады. Салыстырып қарасақ, бір жыл бұрын өсім 28,1% болған.

Қазақстанда көкөніс шырындары орташа есеппен 14%-ға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның ең көп өсуі Батыс Қазақстан (28,7%), Жамбыл (22%) және Солтүстік Қазақстан (21,9%) облыстарында байқалды.

Жеміс шырындары бір жылда 13,7%-ға қымбаттады. Республика аймақтарының ішінде өсім Батыс Қазақстан (43,6%), Солтүстік Қазақстан (23,9%) және Маңғыстау (22,4%) облыстарында тіркелді.