Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда судың құны қаңтардан бастап 8 пайызға қымбаттайды

AstanaTV
27.12.2016ж. 20:00
2467
Петропавлда судың құны қаңтардан бастап 8 пайызға қымбаттайды

Ал Петропавлда келесі айдан бастап судың құны қымбаттайтын болды. Аймақты сумен жабдықтап отырған «Қызылжар-су» серіктестігі тарифті бірден 35 пайызға көтеруді сұраған болатын. Алайда, табиғи монополияларды реттеу департаменті инфляцияның өсу қарқынын бағамдап, судың бағасын тек 8 пайызға ғана өсіруге рұқсат берген.

Монополисттердің айтуынша, тарифтің өсуіне су құбырларының тозуы түрткі болған. Жарты ғасыр бұрын тартылған су жүйесінің бүгінде 64 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қызылжар-су мекемесі тозған құбырларды, қондырғыларды ауыстыру үшін арнайы 5 жылдық инвестициялық бағдарлама жасапты. Бұл жобаны іске асыру үшін 7,5 миллиард теңге қажет болған. Бірақ құзырлы орган өкілдері бұл соманың тек 5,8 миллиард теңгесін ғана бекітіпті.

Азиза Табеева, «Қызылжар су» ЖШС баспасөз хатшысы:

8 пайыздың бекітілгеніне байланысты инвестициялық бағдарламаның кейбір тұстары алынып тасталды. Бірақ, құбырлар бәрібір жөнделеді. Осыған дейін тұрғындар текше метріне 76 теңге төлеп келсе, енді ол 82 теңгеге дейін қымбаттады. Ал заңды тұлғалар үшін бұл көрсеткіш үшін судың құны 240 теңге болмақ.  

Абзал ҚҰРМАНКИН