Атырау облысында "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-ге Joint Technologies ЖШС-нің 50 пайыз үлесін сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін 2 млрд жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысы прокураторасының ресми сайты.
"Joint Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" серіктестігі үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін парк сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.