$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жалдамалы пәтерді сатып алуға мүмкіндік берілуі мүмкін

AstanaTV
22.01.2024ж. 20:00
1009
Жалдамалы пәтерді сатып алуға мүмкіндік берілуі мүмкін

Жалдамалы пәтерді сатып алуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесуде Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтерді. Олар тұрғын үй заңнамасына өзгеріс енгізілетінін айтты. Қазір ұсыныстар Парламентте қаралып жатыр. Жалға берілген пәтер саны 50 мың шамасында.

Ұлықбек ТҰМАШИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өзі болмаса, адам шынымен біреудің үйіне қарай ма? Баспанасыз жүрген олар үй сатып алғысы келеді, ал біз депутаттар олардың тілегін қолдаймыз. Жалдамалы үй 5 жылға ғана беріледі. Одан кейін олар қайда барады? Бұл бастама 2017 жылдан, міне 2024 жылға дейін созылып келеді. Мүмкіндік берейік, шамасы келетіндер сатып алсын, баспаналы болсын.