$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Әжетханадан табылған нәрестенің туған анасы әлі күнге табылмаған

AstanaTV
27.12.2016ж. 20:00
2054
Әжетханадан табылған нәрестенің туған анасы әлі күнге табылмаған

Ақтөбеде осы жылдың мамыр айында әжетхана шұңқырынан табылған нәрестенің анасын әлі анықталмаған. Сондықтан бала асырап алуға берілген. Бұл жайында арнамызға аймақтағы "Үміт" балалар үйінің әлеуметтік педогогы Жанна Тастанова айтты.

Жанна Тастанова, «Үміт» балалар үйінің әлеуметтік педагогы:

Заң бойынша тастанды болып тіркелгесін, 3 ай аралығында біз ата-анасын, биологиялық анасын, тума-туыстарын іздеуге бердік. Осы аралықта келмегесін, 8 тамызда 2016 жылдың, асырап алу мүддесі сәйкес деп, қорытынды бойынша ҚР азаматтарына асырап алуға ұсындық.

Ал, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен бұл жөнінде қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мамыр айында көкек ана шаранасын қала шетіндегі жеке үйлердің бірінің әжетханасына туып тастап кеткен еді. Оны үй иесі дер кезінде көріп қалып, алғашқы көмек көрсеткен.