Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Өзімді қатыгез адам сезініп кеттім»: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісінің ерекше қасиетін айтып, елді күлдірді

AstanaTV
22.01.2024ж. 18:15
973
«Өзімді қатыгез адам сезініп кеттім»: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісінің ерекше қасиетін айтып, елді күлдірді

Танымал айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына бауырларын көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сіңлісі Ардақ Тәукебаеваның үй жануарларына ерекше ықыласын айтып, елді күлдірді.

“ Менің інім Дархан мен сіңлім – Ардақ. Өткенде Алматыда компаниямыздың ашылуын жасайын деп жатсақ, Ардақ: “Таразға кете берсем бола ма, бүгін Тамила туатын еді», – дейді. Тамила деген көршісі ма, көмекшісі ма біреу екен деп қалдым басында. Сөйтсем мысығы екен ғой. “Әй, туса туады да, оған неменеге барасың?» десем ренжіп қалды. «Өміріндегі маңызды сәтте қасында бола алмағаныма жылағым келіп тұр» дейді. Содан мысық туралы 2 сағат әңгіме айтты. Сол мысыққа бірдеме боп қала ма деп қатты уайымдайды екен. “Ардақ кішкене қуайын деген ба?” деп күмәнданып та қалдым арасында. «Батыр сені мысықтан қызғанбай ма?» деппін. Сөйтсем Батырда да тура сондай махаббат екен. Алдында Тамиласы ауырып қалыпты. Оны мысықтардың ауруханасына жатқызыпты. Сөйтіп Батыр екеуміз күніге ауруханаға барып жағдайын сұрап тұрдық дейді… «Әй ол Тамила сендердің келгендеріңді біле ме сонда,» десем,» әрине біледі, бізді қимай «кетпеңдерші» деп жылайды дейді. Үй жануарларына деген махаббаты ерекше. Кейде “осы сен менің жағдайыма сөйтіп алаңдамайсың ғой» деп айтайын дедім де, тағы бәлеге қалармын деп үндемедім… Әлгі жерде өзімді бір қатігез оңбаған адам сезініп кеттім. Сіздерде мысық бар ма?”, – деп жазды айтыскер ақын.

Желі қолданушылары өздерін сіңлісіне ұқсатып жатыр. “Әзілкеш Тұрсынбек те мысықты ерекше жақсы көреді екен”, “Пайғамбардың сүйікті үй жануары болған”, “Шетелге мысығымды алып бармақ болып, төлқұжат жасатқаным бар” деп жазып жатыр айтыскер ақынның оқырмандары.