Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

1 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

AstanaTV
23.01.2024ж. 07:01
2718
1 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

«Капитал мечты» ЖШС қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы салымшыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖШС басшысына бірнеше іс бойынша айып тағылған.

«ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды. Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.