Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Танымал тележүргізуші ұлды болды

AstanaTV
23.01.2024ж. 08:39
407
Танымал тележүргізуші ұлды болды

Былтыр маусым айында екінші рет отбасын құрған тележүргізуші Әнуарбек Жалел ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазды turkystan.kz.

«Шүкірі көп күннен бір естелік. 21.01.2024 жылы дүние есігін Мұстафа Әнуарбекұлы ашты. Өткен жылы осы уақытта Умра сапарында болып, қасиетті мекенде қатты тілеген дұға-тілектерім орындалды. Шүкірден басқа айтарым жоқ. Дариғам өзімнен аумайтын ұл туып берді. 2021 жыл – тоқырау, 2022 жыл – қайта өрлеу, 2023 жыл – жаңару болды», - деп жазды Ә.Жәлел.

Айта кетелік, Әнуарбек Жалел 2017 жылы әріптесі Айгерім Есенәлімен көңіл қосқан болатын. Алайда бір жарым жыл бұрын екі тележурналистің жолы екіге айырылғаны анықталды. Әнуарбек Жалел мен Айгерім Есенәлінің ортақ бір қызы бар.