Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

AstanaTV
23.01.2024ж. 06:28
1599
Үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.