Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шықты

AstanaTV
23.01.2024ж. 11:53
748
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шықты

Түнде Алматыда болған жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты.

«Біздің қалада 384 нысан бар, бұл — 229 мектеп және 115 балабақша. Оның барлығы сейсмикалық тұрақты. Түнде сол жерде күзет жұмыс істеді. Бір жарым сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерге келіп, халықты қабылдады», — деп түсіндірді ТЖД басшысы.

Оның сөзінше, реттеуші құжаттарға сәйкес әкімшіліктің халықты жинау пунктерінің келу және ашылу уақыты қыс мезгілінде — 1,5 сағат, жазда — 1 сағат.

Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылды.

«Мегаполис тұрғындарын қабылдау пунктеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала бар. Қазіргі уақытта 1000-нан астам адам бар, оның барлығы осы сағат аралығында үйлеріне қайтады», — Нұрлан Атығаев.