Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

AstanaTV
23.01.2024ж. 14:07
881
Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.

Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.

«Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген басқарма ақпаратында.

Ал, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық полиция басқармасында тіркелгендігін мәлімдеді.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық экспертиза тағайындалған.